Спорт в моем дворе
gallery/insta

ДЕНІ САУ БАЛАЛАР - БАҚЫТТЫ ЕЛ - МЫҚТЫ ҰРПАҚ!

gallery/facebook
gallery/vk
gallery/youtube
gallery/twitter

«Чемпиондар Лигасы «Спорт менің ауламда-2017» ІІ-ІІІ кезеңдері

https://hb.bizmrg.com/sportvodvorkz01/gallery/big/ourevent(1)(1)

Алматы қаласында қараша айының 11-19 аралығында   "Чемпиондар Лигасы "СПОРТ МЕНІҢ АУЛАМДА-2017" 2-ші кезеңі өтті.                               

Алатау, Әуезов, Жетісу, Медеу, Наурызбай және Түріксіб 6-әкімшілік аудандарының 19 спорттық алаңдарында  Асық ату, Арқан тарту, Бұқа тартыс,Воркаут, Тымақ ұру, Жеңіл атлетика, Стритбол, Скакалка (командалық), Футбол (2 жас мөлшері тобынан) жарыстар өткізілді. 10 спорт түрінен 6800 қатысушы болды.

02 желтоқсанда "Чемпиондар Лигасы "Спорт менің ауламда-2017" 3-ші аудандық кезеңі өтті, онда Алматы қаласының 6-ты әкімшілік аудандарының командалары қатысты. Алатау (400 қатысушы), Әуезов (314 қатысушы), Жетісу (559 қатысушы), Медеу (265 қатысушы), Наурызбай (361 қатысушы), Туріксіб (303 қатысушы) 6-ты әкімшілік аудандарының қатысушылары 10 спорт түрлерінен сайысқа түсті:Асық ату, Арқан тарту, Бұқа тартыс,Воркаут, Тымақ ұру, Жеңіл атлетика, Стритбол, Скакалка (командалық), Футбол (2 жас мөлшері тобынан) және Отбасылық сайыстан. Жарысқа 2200 қатысушы қатысты.

16-17 желтоқсанда "Чемпиондар Лигасы "Спорт менің ауламда-2017" қалалық финалы өтеді, оған Алматы қаласының  6-ты әкімшілік аудандарының ең мықтылары қатысады.